Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Атбасар тұрғындарына көмек көрсетті

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұжымы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Атбасар қаласындағы көп балалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетті.

Ұлттық компания қызметкерлері бір миллионнан астам теңге жинап, Атбасардың осы тұрғындары үшін ең қажетті тұрмыстық техника - тоңазытқыштар сатып алды. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін Атбасар ауданының әкімдігі ұсынды.

Бүгін кәсіподақ ұйымының өкілі Айгүл Әбілбекова және компания қызметкері Игорь Несен бастаған инициативтік топ қалаға келіп, оларды отбасыларға тарту етті.

Біз қолдау көрсеткен Атбасар тұрғындарының ішінде төрт немере тәрбиелеп отырған зейнеткер Насихат Машан, тыл еңбеккері Иван Баранов, тыл еңбеккері Анна Поликарпова, 15 баланың анасы Сара Құлгелдинова, 6 баланың аналары Сәбира Әмірова мен Орынбасар Байзақова, бірінші топтағы мүгедек Ләззат Дәулетбекова және тағы басқалары бар.

Татьяна Кочеткова Атбасар қаласына екі жыл бұрын Солтүстік Қазақстаннан көшіп келген еді, 10 баланың анасы және тағы бір перзент күтуде. Жергілікті мұрағатта еден жуушы болып жұмыс істейді, айтқандай, бұл жерді де су басып кеткен еді. «Біздің бағымыз бар екен. Үйге тек жөндеу қажет. Басқа адамдарда ештеңе қалмады - деп, көз жасын сүртіп Татьяна Николаевна баяндап берді. – Бізді басқа жерге көшірді, балаларды және екі әжені таныстардың үйлеріне қоныстандырды».

Надежда Қойбағаровада төрт балалы ана. «Біз бөгеттің жанында тұрған едік, судан кейін үйді сырып тастайды. Мен кір жуып жатқам, кірімді аяғына дейін жуа алмадым. Кір жуғыш машина, шаңсорғыш жанып кетті. Ал тоңазытқыш - деді Надежда Николаевна дауысы дірілдеп, - батып кетті. Барлығы суға кетті: кілемдер, төсек орындар».

«Алла разы болсын! Низкий вам поклон!», - осы сөздермен біздерге лайық Атбасар тұрғындары алғыстарын білдірді.

Бұл «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы ұжымының бір реттік іс-шарасы емес. Біздің қызметкерлер әрдайым халықтың осал топтарына, жетім, соғыс және еңбек ардагерлері үшін атаулы көмек көрсетеді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту