2017 жылғы 17 мамырда Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Еңбек әулеттерінің күні аталып өтті. Қордың Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Қордың еңбек әулеті» медальдерін және құрмет дипломдарын еңбек әулеттерінің өкілдеріне табыс етті.
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы әр түрлі салаларды қамтиды. Соның ішінде темір жол, электроэнергетика, атом өнеркәсібі, кен өндіру, әуе байланысы және тағы басқасы. 350 мыңнан астам адам бүгінде «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарында жұмыла еңбек етуде. Сондықтан ұжымның бірлігі – біздң басты құндылығымыз. Жоғары жауапкершілік танытып, адал еңбек етіп келе жатқандарыңыз үшін Сіздерге алғыс білдіремін», - деп атап өтті Ө. Шөкеев еңбек әулеттерінің өкілдерімен салтанатты кездесуде.
Биыл, «Самұрық-Қазына» АҚ еңбек әулеті күнінің құрметіне өткізілетін ісшараларда «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-нан Труба отбасы (Алматы қаласы, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты») ұсынылды.
Әулет басы Петр Петровичтің еңбек тәжірибесі 1937 жылы сол уақытта Махачкала қаласында (Дагестан) орналасқан С.М. Киров атындағы машина жасау зауытында басталды. Сол жерде ол Пронина Ольга Максимовнамен танысып, кейін ол оның әйелі болады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Труба отбасы Алматыға көшірілді.
Кейін, Петр Петрович пен Ольга Максимовнаның үш қызы С.М. Киров атындағы машина жасау зауытында жұмыс атқарды. Қыздарының бірі – Лидияда – болашақ күйеуі Кондратюк Николай Петровичпен осы зауытта танысты, Лидия осы зауытта 16 жасынан бастап жұмыс істей бастаған, токардың оқушысы, кейін колледжді бітірген соң инженер-технолог болып жұмыс атқарды. Лидияның қайын атасы - Николай Петрович Кондратюк – фрезерші болып, осы жерде 43 жыл жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта Лидия Петровнаның қызы - Оксана Георгиевна осы кәсіпорында жұмыс атқарады. Ол атасының, ана мен әкесінің тәтелерінің осы зауытта жұмыс жасағандығын мақтан етеді. Осы әулеттің С.М. Киров атындағы машина жасау зауытында жұмыс атқарған жалпы өтілі - 200 – ден астам жыл.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Еңбек әулеттерінің күні 2013 жылдан бері Халықаралық отбасы күніне орай өткізіліп келеді. Мереке ұрпақтар сабақтастығын және әлеуметтік тұрақтылықты қоғаммен дәріптеудің тиімді құралы ретінде, еңбек әулетінің институтын танымал етуге септігін тигізеді.