Қазақстандық делегация Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Арман Рамазановтың бастауымен Стамбул қаласындағы (Түркия) халықаралық «IDEF 2017» қару-жарақ пен әскери техника көрмесіне барып қайтты.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР Қорғаныс министрлігі және Түрік Республикасының қарулы күштер фонды.
Бұл көрме Еуразия өңіріндегі ең ірілерінің бірі және қатысушы мемлекет және халықаралық компаниялар саны бойынша бестіктің бірі болып табылады.
Көрме барысында Қазақстандық делегация ірі Түрік компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, олардың шеңберінде кеме құрастыру, авиациялық техниканы жөндеу және жаңашаландыру, зымырандар мен басқа оқ-дәрілерді шығару және жаңашаландыру, сондай-ақ байланыс жүйесі үшін бірлескен электрониканы өндіру саласындағы жобаларды жылжыту бойынша одан әрі жұмыс тәртібі белгіленді.
Сонымен қатар, «Казақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «АСЕЛСАН» компаниялары арасындағы көрме аясында жеткізу және өндіру саласындағы өнімдердің радиоэлектрондық күресі, сондай-ақ азаматтық бағыттағы, автомобиль жолдары аппаратурасына ақы төлеу жүйесі туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі