Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Астанада Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай еліміздің тарихындағы ең ауқымды парад өтті

Бүгін, 2017 жылғы 7 мамырда Елордадағы Тәуелсіздік алаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған әскери парад өтті. Әскери парадты Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы ашты.

2017 жылғы әскери парад қазақстандық армияның әскер түрлері мен тектерінің ең ірі маршы. Барлық өлшем бойынша бұдан бұрын өткізілген әскерлер парадынан асып түсті және өзінің ауқымдылығы бойынша маңызды мерейтойлық датаға толық көлемде сай болды.

Астанадағы Тәуелсіздік алаңында салтанатты маршпен шамамен 26 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5000-нан аса әскери қызметші адымдап өтті. 300-ге жуық бірлік әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілері механикаландырылған лектің қарқындылығын паш етті. Қазақстандық авиацияның қуаты мен жауынгерлік әзірлігін көк аспанда Әуе қорғанысы күштерінің 70-ке жуық бірлік авиациялық техникасы көрсетті. Бұл ретте қазақстандықтар алғаш рет 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің жауынгерлік арсеналын толтырған отандық және шетелдік өндірістің су жаңа әскери техникасын, қару-жарақтың жаңа үлгілерін өз көздерімен тамашалауға мүмкіндік алды.

Дәстүрлі түрде жаяу әскер лектерінің өтуін «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілерінен құралған барабаншылардың құрама ротасы ашты. Алғаш рет биылғы жылы барабаншылардың сапында Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларындағы барлық республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің үздік өкілдері. «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің тәрбиеленушілері 21 ғасырдағы тәуелсіз Қазақстан армиясының болашағы.

Шеруді ҚР Қорғаныс министрлігі, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, теңіз жаяу әскері, бітімгершілік күштердің, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің офицерлері, әскери қызметші әйелдердің, әскери полицияның, аумақтық қорғаныс бригадасының және т.б. парадтық есептоптар жалғастырды.

Көрермендер механикаландырылған лектің құрамындағы қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерін өз көздерімен көрді. Оның ішінде «Каз Град», «Смерч», «Прима» дүркін оқ атудың реактивті жүйелері, «Кобра» жауынгерлік барлау машиналары, ЖӘЖМ-2 жаяу әскер жауынгерлік машиналары, «Солнцепек» АОЖ-1 оқшашар жүйелері, «Штурм-С» танкіге қарсы зымыран кешені, БТР-80А, БТР-82-А броньды транспортерлері, «МСТА-Б» гаубицасы, «Гиацинт» зеңбіректер батареясы, «Тюльпан» өздігінен жүретін минаатқышы, «Точка-У» тактикалық зымырандары, «Арлан» броньды дөңгелекті машиналары, «Хаммер» жоғары маневрлі көп мақсатты өтімділігі жоғары армия броньды автомобильдері, «Натиск» ұшу аппараттары мен радиоэлектрондық барлау жүйелері, «Федерал» арнайы броньдалған автомобильдер легі, «Тигр» арнайы полиция автомобилі және басқа да заманауи әскери техника мен қару-жарақ үлгілері.

Парадтың авиациялық бөлігі кеңінен көрсетілді. Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары Әуе қорғанысы күштерінің ең заманауи ұшу аппараттарын басқарған қазақстандық ұшқыштардың шеберлігін лайықты түрде бағалады. Астананың көк аспанында ұшып, ұшқыштар «25» деген мерекелік датаны және «Бәйтерек» деп аталатын жоғары пилотаж фигурасын паш етті.

2017 жылғы Әскери парад еліміздің тарихындағы ең ауқымды парад болды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Кері қайту