Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды ...

Бүгін, 2017 жылдың 4 мамырында «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін мадақтау күні өтті.

Іс-шараға соғыс ардагері Мыңайдар Боранбаев және тыл еңбеккері Күлжауар Исенова шақырылды.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Бас директорының орынбасары Көбей Жаңбыршы және зауыттың басқа да өкілдері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, сіңірген еңбектеріне, белсенді өмірлік ұстанымдарына, сондай-ақ жастарға патриоттық тәрбие беруде қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Кәсіпорынның ұжымы мерекелік музыкалық бағдарлама дайындап, құрметті қонақтарға денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

1943 жылы Мынайдар Боранбаев Қостанай облысынан 18 жасында әскер қатарына шақырылды. Жаяу әскер қатарында мерген болып қызмет атқарды, Беларусь майданынан өтті, сол үшін Отан соғысы орденімен марапатталды, «Құрмет белгісі» және 28 медальдарымен, сонымен қатар «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Белоруссияны босатқаны үшін» марапатталды. Соғыстан кейін Мынайдар ата өзінің туған Қостанайына келіп, жоғары білім алып, басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды, мектеп және совхоз директоры, кәсіподақ төрағасы, партия қызметкері болды. Қазір ол немерелері мен шөберелерін тәрбиелеп отырған бақытты ата.

Күлжауар Исенова 15 жасынан Омбы губерниясында жараланған сарбаздарға қамқорлық жасады. Әскери ауруханаға күн сайын бірнеше ондағын әскерилерді әкеліп тұрды, соның ішінде, немістер де болды –деп, еске алады ол. Күлжауар әже «Ерен еңбегі үшін Лениннің 100 жылдығына орай», «Тыл еңбеккері», «Еңбек ардагері», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» осындай медальдарға лайық болды. Қазір Күлжуар әжеде 7 бала мен 10-нан астам немере және 6 шөбересі бар.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі

Кері қайту