Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Болашақ сарбазы» жобасының келешегі талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде вице-министр Марат Нұрғожиннің төрағалығымен жоғары технологияларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бөлімдері мен жеке құрамның құрамалардың отандық жауынгерлік керек-жарағын құру жөнінде бағдарлама әзірлеу мәселесі бойынша мәжіліс болып өтті.

Осы іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің және «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-тың өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта «Болашақ сарбазы» үлгісіндегі керек-жарақ жиынтығына әлемнің 50 астам елінің армиясы ие болғанын атап өткен жөн. Мәселен, Ресейде қорғаудың заманауи құралдары кешенін, байланыс, бақылау және көздеу, қару-жарақ және оқ-дәрі құралдары кешенін білдіретін, «Ратник» жауынгерлік жиынтығымен Қарулы күштерді жабдықтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Осы жиынтық жауынгерлік тиімділік пен ұрыс алаңындағы жекелеген солдаттың тірі қалуын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

«Біз уақыттың ағымынан қалмай, ғылым мен техника саласындағы соңғы жетістіктерді пайдалану есебінен, біздің әскери қызметшілердің тиімділігін арттыруға арналған өзіміздің бағдарлама қажет деп есептейміз. Бұл ретте, біз өзіміздің отандық кәсіпорындардың әлеуетін барынша тиімді пайдалануымыз қажет», - деп атап өтті вице-министр.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі

Кері қайту