Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстанда жаңа буынның радиолокациялық техникасын өндіретін «Гранит-Талес Электроникс» зауыты ашылды

Бүгін Алматы облысында Ground Master-400 толқынының (қазақстандық индексі «НҰР») сантиметрлік диапазон үшкоординатты радиолокациялық стансаларын өндіру бойынша қазақстан-француз бірлескен кәсіпорынының ашылуы өтті.

Бұл жобаның қатысушылары - Қазақстанда (РЛС «НҰР» (Ground Master-400)) сантиметрлік диапазонды толқынның үшкоординатты радиолокациялық стансаларын өндіру туралы екі жақты меморандумға қол қойған «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның құрамына кіретін «Гранит» арнайы құрастырымдық-технологиялық бюро» ЖШС-і және «Талес» (Франция) компаниялары.

Осындай жоба қазақстандық әскердің қажеттілігін, сондай-ақ, осы өңірлердегі мемлекеттерді қамтамасыз ету үшін Орта Азияда алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Оны жүзеге асыру кезінде, республика аумағында шығарылатын стансаларды байланыс құралдары және арнайы автомобиль техникасымен, агрегаттармен, тораптармен жиынтықтай отырып, 70% астам оқшаулау деңгейіне қол жеткізу жоспарлануда. «Гранит-Талес Электроникс» ЖШС-де 150 жұмыс орны құрылады, технологиялар трансферті қарастырылған.

Қазақстанда өндіріске жоспарланған радиолокациялық стансалар өзінің техникалық сипаттамасы бойынша радиолокациялық барлауға және әуе кеңістігін бақылауға арналған әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады.

2014 жылы кәсіпорын стансаның тәжірибелік үлгісін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жеткізді, одан арғы әскери сынақтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінің түрлі полигондарында олардың білдірілген барлық техникалық сипаттамаларын растады.

Жобаның аясында сондай-ақ, радиолокациялық техниканың келешекті түрлерін өндірісін игеруі ықтимал.20170428-granit-tales-2.jpg

«Гранит» АКТБ» ЖШС – Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның құрамына кіретін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері үшін қару-жарақ пен техниканы жөндеу, жаңғырту, өндіру және сервистік қызмет корсету саласындағы жалғыз кәсіпорын.

«Талес» - әуе, ғарыш, әскери және теңізде қолдану үшін ақпараттық жүйелерді шығаратын халықаралық өнеркәсіптік топ. Қорғаныстық өнеркәсіп нарығындағы, қауіпсіздік жүйіесі, әуеғарыш өнеркәсібі және көліктік жүйелердің жоғары технологияның көшбасшыларының бірі болып есептеледі.

«Казахстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту