Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Зенит» Орал зауыты зымыранды-артиллериялық «МАҢҒЫСТАУ» кемесін суға түсірді

2017 жылдың 27 сәуірінде Батыс-Қазақстан облысының Орал қаласындағы «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ құрамына кіретін «Зенит» Орал зауыты» АҚ зауыттық №4 «МАҢҒЫСТАУ» зымыранды-артиллериялық кемесін суға түсіруін жүзеге асырды.

Салтанатты шарада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат  Жанжүменов, ҚР ҚК ӘТК Бас қолбасшысы Жандарбек Жанұзақов, Батыс-Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгінов, Республикамыздың Қарулы Күштері ардагерлері, «Зенит» Орал зауыты» АҚ ұжымының және «МАҢҒЫСТАУ» кемесі экипажының жеке құрамы қатысты.

«МАҢҒЫСТАУ» кемесі зауыт үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ӘТК үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес жасалған 26-шы кемесі болып табылады. Осыған ұқсас жобалардың кемелерінен  бұрын Әскери-теңіз күштеріне жеткізілген төртінші кемесі. Бұрынғы жобаларға қарағанда, бұл жобада қару-жарақ жаңартылған, сондықтан оның атқаратын тапсырмалары ұлғайды. Атап айтқанда, әскери жүзушілерді қосқандағы су асты диверсиялық қауіптерін анықтау және олармен күресу құралдары орнатылған. Оны жасау барысында кеменің маневрлік мінездемелерін, әскери мүмкіндіктерін, экипаждың мекендеу жағдайын жақсарту бойынша, осы кемелерде қызмет жасап жатқан әскери теңізшілердің ұсыныстары ескерілген болатын.

«МАҢҒЫСТАУ» зымыранды-артиллериялық кемесі, оның алдындағы кемелер  сияқты  Қазақстан Республикасының әскери докторинасына сәйкес тапсырмаларды орындауға арналған.

Суға түсірілген соң кеме Орал өзені арқылы Каспий теңізіне жеткізіледі, онда олар зауттық арқандау, жүргізу және қабылдау сынақтарынан өтіп, Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері кемелерінің құрамында қызмет ету күтіп тұр.

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің кезекті әскери кемесін суға түсіру «Зенит» зауытының ұжымына кеме жасауды сеніп тапсырған Ел басшылығы шешімінің дұрыстығын растайды.

«Зенит» Орал зауыты» АҚ-ның маркетинг қызметі

Кері қайту