Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ПАМЖЗ әскери шеруде жаңғыртылған ЗУ-23-2 көрсетеді

2017 жылғы 7 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығына арналған әскери шеру өткізілмекші. Еліміздің қорғаныстық өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерін көрсетуге шығарады.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ шеруде жаңғыртылған ЗУ-23-2 зениттік қондырғысын көрсетеді. Жаңғырту, бұйымға «Игла» тектес екі өздігінен дәлденетін зениттік зымырандарымен іске қосу модулін және түнде көретін жылувизиялық көздеуіштерін орнатуды қамтиды. Жаңғыртылған ЗУ-23-2 зениттік қондырғысы төменбиіктікті әуе нысаналарымен – әуе шабуылының заманауи құралдарымен күрес жүргізуге, соның ішінде ұшақтармен, тікұшақтармен, қанатты зымырандармен және қашықтықтан басқарылатын ұшатын аппараттарымен ұрысты жүргізуге мүмкіндік береді. Енгізілген өзгертулер мақсатты арналардың санын, соның ішінде зымырандық, тәулік бойы түрлі ауа райы жағдайында зақымданған ұшу обьектілерінің санын арттыруға мүмкіндік береді.

2017 жылы кәсіпорын әскери сынақтар үшін тәжірибелік үлгілердің жаңғыртуын өткізеді.


«ПАМЖЗ» АҚ маркетинг және өтім бөлімінің ақпараттық-талдау блогы

Кері қайту