Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Жаңа компаниялармен ынтымақтастықты дамыта отырып

2017 жылғы наурыз айында «ПАМЖЗ» АҚ «Жоғары технологиялар институты» ЖШС тапсырысы бойынша, уранды жер асты ұңғымалық сілтісіздендіру жағдайында пайдалынатын ұңғымалардың химиялық өңдеуін өткізуге арналған ЖҚ қондырғысының тәжірибелік үлгісін дайындады.

Келісімшартты орындауға «ПАМЖЗ» АҚ құрастырымдық– технологиялық орталығының күшімен құрастырылған жаңа өнімге құрастырымдық құжаттамалардың әзірленуі көмектесті. Құрастырымдық – технологиялық орталықтың құрамында 90 білікті маман еңбек етеді.

Осы жобаны жүзеге асыру материалдық шығындарды азайтуға және «Қарамұрын» кен орнының «Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын» кен орындарының геотехнологиялық ұңғымаларының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етудің технологиялық құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Қондырғы химиялық реагенттердің әр түрлі түрлерін тікелей технологиялық ұңғыманың сүзгіш бөлігіне қауіпсіз айдауға, дайындауға және беруге мүмкіндік береді, жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігін және экологиялылығын арттырады.

Келісімшарт жасасқаннан кейінгі барлық жұмыстар «ПАМЖЗ» АҚ-да жүргізілді. «Жоғары технологиялар институты» ЖШС өкілдерінің қатысуымен жылжымалы қондырғының сынағы сәтті өтті.

Келешекте осы өнімнің сериялық дайындалуы жоспарлануда.

«ПАМЖЗ» АҚ маркетинг және өтім бөлімінің ақпараттық – талдамалық блогы

Кері қайту