Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі полигондарда тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтуде

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Шығыс» жалпыәскери полигонында, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Қаработан» полигонында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтуде.

Бұл оқу-жаттығу әскери бөлімдерді жауынгерлік әзірлікке келтіру, жеке құрамды берілген ауданға шығару және далалық лагерьді жабдықтау, мамандандырылған әскери техниканы қолдана отырып, барлау-жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу, күштер мен құралдарды тапсырмаларды орындау ауданына шығару бойынша мәселелердің пысықталуын көздейді.

Сценарий бойынша бөлімшелер елді мекенге жылжи бастайды. Онда заңсыз қарулы құралымдар бірқатар нысандарды басып алады. Әскери қызметшілер ғимаратты бұғаттап, блокбекеттер ұйымдастырады және шабуылдауды жүргізіп, содырларды қырып жояды.

Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында арнайы бөлімшелер алғаш рет жарақтандыруға келіп түскен «Арлан» отандық броньдалған дөңгелекті машиналарды сынамадан өткізді.

Оқу-жаттығулар ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ Ұлттық ұланы бөлімшелері, сондай-ақ, жергілікті атқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауда өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Кері қайту