Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қош келдің, Наурыз!

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұжымы Наурыз мейрамын қарсы алды. Осы жылы көктемгі күн мен түннің теңелуін компанияның қызметкерлері қорғаныстық электронды-оптикалық өнімдерді шығаратын «КАЕ» ЖШС зауытының мамандарымен бірге атап өтті. 

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басшылығы қатынасушыларды бұл Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, бейбітшілік, бақыт және амандық тіледі.

Мерекелік киім киген компанияның орталық аппаратының және «КАЕ» ЖШС өкілдері өлең айтып, би билеп, сахналандырылған көрініс қойып, құдалық, бесік той, қонақ күту сияқты әртүрлі қазақ дәстүрлерін және әдет-ғұрпын дәріптейтін ойындарды көрсетті.

Киіз үй жабдықтарымен және Наурыз көже, бауырсақ,  қымыз, жент тамақтарына толы дастархандар, қатынасушылардың жайдары көңіл күйі мерекенің ерекше ауанын жеткізді.

Сонымен қатар, алдағы мерекеге кеңселік бөлмелерін ең жақсы безендіруге сайыс бойынша «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелер үшін бір күн бұрын өткізілген байқаудың қорытындысы жасалынды.

ТНаурыз мейрамына арналған салтанатты шаралар осы күндері «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындарында да өткізіледі.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту