Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстандық көздеуіштер алғаш рет экспортқа шығарылды

Қорғаныстық электронды-оптикалық өнімдерді шығаратын Қазақстандық зауыт «Қазақстан АСЕЛСАН Инжиниринг» ЖШС-і («КАЕ» ЖШС-і) жылуға ден қойғыштардың алғашқы жеткізілімін Түркияға жеткізді.

2016 жылдың 25 қарашасында «КАЕ» ЖШС-і 5,8 млн. АҚШ долларына экспорттық келісімшарт жасалды. Бұл келісімшарт шеңберінде Түркияға жылуға ден қойғыштартар жеткізілді.

Жылуға ден қойғыштар – бұл тәуліктің күндізгі де, түнгі де уақытында, сондай-ақ кез-келген ауа-райы жағдайында да (смог, түтін, тозаң) пайдалануға болатын пассивті бақылау жүйесі. Жылуға ден қойғыштар ландшафт заттары мен объектілерін жылу сәулелену бойынша пассивті режимде жұмыс істейді.

«КАЕ» ЖШС-і («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі) түнде көру құралдарын, жылулық нысана, электрондық платалар және оптикалық линзаларды өндіруге мамандандырылған. Еліміздің қорғаныс саласындағы міндеттерін орындауға арналған зауыт шығаратын өнімдер қазіргі таңда Қазақстан Республикамы Қарулы Күштерінде және арнайы мемлекеттік органдарында кеңінен қолданылады.

«КАЕ» ЖШС-нің баспасөз қызметі

Кері қайту