Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!

Құрметті зауыттықтар!

Биылғы жылы біздің еліміз Тәуелсіздіктің 25-жылдық мерейтойын атап өтеді.

Осы кезеңде республика беделі әлемдік державалармен мойындалып, әсерлі жетістіктерге қол жеткізді. Реформалар қазақстандықтардың өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салаларын қамтыды.

«Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді» - деп Қазақстан Республикасының Президенті өзінің ел халқына жолдауында атап өтті.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компания тобына кіретін кәсіпорындар 25 жылғы аралықта сын-тегеуріндерге сәтті қарсы тұрды. Біз зауыттарымызды сақтап ғана қоймай, олардың жұмысын тиімді дамытудамыз. Өндірістік-технологиялық базаны жаңғырту, инвестициялық жобаларды іске асыру, инновациялық құрамдас бөлігін жандандыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары, еңбек қатынасының тұрақтылығы - осымен біздің еншілес ұйымдарымыз даңққа бөленуде.

Шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту үшін біз 2010 жылдан бастап халықаралық «KADEX» көрмесін өткізіп келеміз, онда біздің кәсіпорындар дәстүрлі түрде әскери техника мен қару-жарақтың жаңа үлгілерін ұсынады, ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қояды, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады.

Негізінде, барлық осы озық жетістіктерде әрбір қызметкердің тиімді еңбегі бар. Ардагерлерімізді ұмытпаймыз, талантты жастарымызды жұмысқа орналастырамыз, республиканың жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтамыз.

Біздің тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттыра түсудегі ұмтылысымызда біз бірге екендігімізге сенімдімін.

Еліміз үшін бұл басты мерекеде өз ризашылығымды білдіре отырып, Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, игілік және табыс тілеймін!

Құрметпен,
Басқарма төрағасы Е. Ыдырысов

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту