Өткен жұма күні «Семей инжиниринг» АҚ өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы күнге арналған салтанатты мереке кәсіпорынның жаңа цехында өтті.
Мерекені атап өтуге қонақтар шақырылды, солардың қатарында Семей қаласының «Нұр Отан» партиясы филиалы төрайымының орынбасары Зульфия Жамалдинова шақырылды. Ол зауыттықтарды жылы құттықтап, «Семей инжиниринг» АҚ Бас директоры Мейрамхат Айнабековке алғыс хат табыс етті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу және зауыттың 40 жылдық мерейтойының құрметіне зауыт қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ыдрысовтың мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Кәсіпорынның еңбек ұжымы оларға қандай тапсырмалар болсада қолдарынан келетіндіктерін талай рет дәлелдеді. Шығарылатын өнімнің сапасы бірнеше мәрте дипломдармен, республикалық және өңірлік көрмелердің медальдарын алған.
Әрбір зауыт қызметкері қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосуда. Жүздеген қалалық тұрғын кәсіпорынның аяғына тұруына және дамуына қатысты. Семей қаласының әрбір тұрғынының зауытпен байланысты естеліктері бар.
Салтанатты жиналыс жас, дарынды зауыттықтардың ән және ақындық нөмірлерімен аяқталды.