Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
А. Мамин СҚО-ға жұмыс сапары шеңберінде «Мұнаймаш» АҚ-на барды

ҚР Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Асқар Мамин басқарған делегация тобы СҚО-ға жұмыс сапары шеңберінде «Мұнаймаш» акционерлiк қоғамына барды. Кәсiпорын мұнай өндiру құрылғыларын жобалап, даярлаумен және шығарумен айналысады. Қонақтарды негiзгi цехта саңылаулы бұрғылау сорғыларын дайындау барысымен Басқарма төрағасы Спартак Пушкарев таныстырды.

«Кәсiпорын жоспарлы қуаттылығы бойынша жылына 10 мың сорғы шығарады. Бүгiнгi таңда бiз Қазақстан нарығының 80%-ын қамтып отырмыз. Бiз Ресей Федерациясы мен ТМД елдерiнiң экспортына жұмыс iстеуге тырысамыз. Кәсiпорында 150-ден астам адам жұмыс iстейдi. Бiздiң жалпы тапсырысымыздың құны 2,5 млрд. теңгенi құрады. Бұл былтырғы жылдың көрсеткiшi. 2014 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткiш 3 миллиардқа жеткен болатын», — дедi Спартак Пушкарев.

«Мұнаймаш» АҚ негiзiнен саңылаулы бұрғылау сорғыларын және қосымша қорғаныс құрылғыларын дайындаумен айналысады. Техникалық сипаттамасы бойынша сорғылар әлемдiк үлгiлермен бiрге аталады.

2016 жылдың 10 айы бойынша «Мұнаймаш» АҚ өндiрiс көлемi 1,8 миллиард теңгенi құраған.

Толық хабарламамен Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы

Кері қайту