Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«КАЕ» ЖШС радиобайланыс құралдары өндірісін ұйымдастыруды жоспарлайды

Қорғаныс саласында электронды-оптикалық өнімдерді шығаратын қазақстандық зауыт («КАЕ» ЖШС-і) және «ASELSAN» түрік компаниясы, АРС025 стандартты радиобайланыс кәсіби құралдарын Қазақстан Республикасында өндіру бойынша технологиялар трансферті туралы келісті.

Аталған келісім Астана қаласында 2016 жылдың 10 қараша айында бекітілді. құжатқа Қазақстан тарапынан «КАЕ» ЖШС-і бас директоры Тарык Зия Кабоглу, Түркия тарапынан «ASELSAN» компаниясы вице-президенті Байыз Явуз қол қойды.

Келісім «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен қол қойылды, өз кезегінде Басқарма төрағасы жобаның өзектілігі - ақпараттық қауіпсіздік деңгейінің қазіргі заман талаптарына орай жоспарланып отырғандығында екендігін атап өтті.

«Біздің келісіміміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өту аясында қол қойылғандығы қуантады. Бұл іс-шара отандық кәсіпорын «КАЕ» ЖШС-і үшін маңызды оқиға, сонымен қатар өндірістің әртараптануына және қазақстандық үлестің дамуына әсер етеді» - деді өз кезегінде Басқарма төрағасы.

Келісім аясында Қазақстан Республикасында радиостанциялардың түрлі үлгілерін шығару өндірісі ұйымдастырылады, ірі бөлшектерді жинақтау кезеңінен бастап электрондық платаларды құрастыруға дейінгі жоғары технологиялық өндіріс деңгейінде жүзеге асады.

Бұл өнімдер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін және арнайы мемлекеттік органдарын тиімді және қауіпсіз байланыспен қамтамасыз ететін болады.

Радиостанциялардың алғашқы шығарылымы 2017 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

«КАЕ» ЖШС «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 50%, қатысу үлесімен еншілес бөлігі болып табылады, 49% «ASELSAN» түрік компаниясының еншісінде, 1% - Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі Комитетінің иелігінде болып табылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту