Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Атомэнергомаш» және «Қазақстан инжиниринг» әріптестік туралы келісімге қол қойды

«Росатом» мемлекеттік корпорациясының машина жасау дивизионы - «Атомэнергомаш» АҚ және «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ екіжақты әріптестікті дамыту туралы келісімге келді. Соған тиісті келісімге 4 қазан күні қазақстан-ресей бизнес-форумының аясында қол қойылды. Құжатқа «Атомэнергомаш» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Александр Ранцев пен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысов қол қойды.

«Біз компанияларымыздың арасындағы тығыс қарым-қатынасты енді ғана бастадық, бірақ қазірдің өзінде одан үлкен синергетикалық әлеует көріп отырмыз. «Қазақстан инжиниринг» – ТМД елдеріндегі аса ірі инжинирингтік және машина жасау холдингтерінің бірі, ол алуан түрлі салаларда елеулі құзырға ие. Біз бірлесе отырып Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі тапсырыс берушілерімізге жабдықтардың іркіліссіз жұмыс істеуін және жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін заманауи сенімді техникалық шешімдер ұсына аламыз деген сенімдемін», - деп атап өтті Александр Ранцев.

«Қолжеткізілген келісімдерді іске асыру энергетикалық және мұнай-газ салаларындағы аса ірі жобаларға бірлесе қатысуға мүмкіндік береді. «Атомэнергомаш» АҚ серіктестігіміз заманауи технологияларды енгізуге, жаңа өнімдер жасауға және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін арттыруға пайдалы болады», - деді өз сөзінде Ерлан Ыдырысов.

Компаниялар жылу энергетикасы және мұнай-газ салаларындағы өзара әрекеттестікті дамытуды көздеп отыр. Келісім ақпарат алмасу, тендерлік және коммерциялық ұсыныстарды бірлесіп дайындау мүмкіндіктерін, тағыда серктестік формаларын қарастырулады. Құжат 2017 жылдың соңына дейін күшінде болады және тараптардың шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту