Құрметті зауыттықтар!
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның ұжымы Сіздерді Машина жасаушы күні-кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республика экономикасының қайта түлеуінде қозғаушы күш болуға міндеттенген машина жасау саласының дамуына ерекше көңіл бөлуде. Нақты осы себептерден 2015-2019 жылдарға Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының санатына жатқызылды.
Бүгінгі күн біздің Компанияның құрамына 27 ұйым кіреді. Олардың ішінде 6 мыңнан астам жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін ірі машина жасау зауыттары бар.
Ұлттық Компанияның кәсіпорындары Қазақстанның машина жасау саласының негізгі бөлімдерін дамытуда қомақты үлес қосуда.
Біздің барлық жетістіктеріміздің артында зауыттықтардың барлық күш-жігерін сарп ететін жоғары өнімді еңбегі тұр. Сіздердің қызметтеріңіздің мағынасын бағаламау мүмкін емес!
Осы салтанатты күні, Сіздерге шынайы ниетімізді білдіре отырып, біз еліміздің барлық машина жасау кәсіпорындарына үздіксіз дамуды, ал олардың қызметкерлеріне – әлауқат өсімін және отбасылық есендік тілейміз.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның ұжымы