Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қорғаныстық машина жасауды дамыту туралы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өкілдері әңгімелеп береді

2016 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында «Дамыған машина жасау – бәсекеге қабілетті Қазақстан» тақырыбында Қазақстанның машина жасаушыларының IV Форумы өтеді, оған әлемнің 20 елінен 700-ден астам делегаттар қатысады деп күтілуде.

Форумның мақсаты – Қазақстанның машина жасау саласының өсуі мен мүмкіндіктерін көрсету ғана емес, сондай-ақ отандық өндірісті өсіру құралы ретінде, осы саланың әлемдік алпауыттарын ынтымақтастыққа тарту, машина жасау саласына қолдау көрсету шараларын талқылау, инвестициялар тарту және технологиялық даму, импортты алмастыру және экспортқа бағытталу мәселелерін шешу болып табылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұйымдастырушысы болып табылатын форумның секциялық салалық отырысының бірін осындай қорғаныстық машина жасау сияқты бағытқа арнау жоспарлануда.

Секцияның жұмысына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Қазтехнология» АҚ басшылығы қатысады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындарының директорлары қорғаныстық машина жасауда ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-құралымдаушылық жұмыстар, инновациялық жобалар және еліміздің машина жасау кәсіпорындарындағы өндірістік саясат тақырыбын талқылайды.

Форумды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі және «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ болып табылады.

Форумның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту