Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС «Армия-2016» халықаралық форумында «Барыс 8х8» БТР техникасы мен «Арлан» БДМ ұсынады

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» Мәскеу облысында өтетін «Армия-2016» халықаралық әскери-техникалық форумында «Барыс 8х8» БТР және «Арлан» БДМ көрсетеді.

«Барыс 8х8» БТР озық технологиялық шешімдермен жабдықталған броньдалған машина болып табылады. Машина көп функционалдылығы, жоғары ұтқырлығы және минаға қарсы тұғырнамаларды орнату қажеттілігі бойынша өңірдегі ұлғайып келе жатқан талаптарға сәйкес келуі ескеріле отырып әзірленді. 

«Барыс 8х8» алғаш рет Астанада ағымдағы жылдың маусым айында халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде паш етілді. «Арлан» броньдалған дөңгелекті машинасы қазақстандық «КАЕ» өңдірушіден 12,7 мм «САРП» жауынгерлік модулі бар «Армия-2016» әскери-техникалық форумына жол тартады.

Көрмеде «Арлан» БДМ қыркүйектің 7-і мен 8-і аралығында «Алабино» полигонында өтетін стационарлық режімде және демонстрациялық көрсетілімдерде тамашалауға болады. «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналарының алғашқы партиясы қазақстандық армияның жарақтандыруына келіп түскенін айта кетейік.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі

Кері қайту