Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Бүгін ҚР Қорғаныс министрі «Гвардейск» полигонында көшпелі кеңес өткізді

Бүгін қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонында Армия ойындарына дайындық барысын тексерді.

Қорғаныс министрі артиллерияшылардың байқауын өткізу үшін «ирелең» кедергілері, мина-жарылғыш қоршауы, қорғаны, табанды көпірі бар ұзындығы 2 шақырым тас жолдың, сондай-ақ, барлаушының соқпақ жолы мен мерген винтовкасынан, тапаншадан оқ ату және гранаталар лақтыру үшін шептердің элементтері бар мергендер байқауын өткізу үшін тас жолдың құрылысы барысын қадағалады.

Алдын ала барлау барысында әскери ведомствоның басшылығы ұйымдастыру комитетіне байқауларды өткізу тәртібі жөнінде ұсынымдар берді. Кеңеске қатысушылар әскери техниканың сақталуы мен қызмет көрсетілуі орындарымен, сондай-ақ, командалардың тұруы және тамақтануы орындарымен танысты. Одан басқа, байқаулардың бағдары, кедергілерді бұзып өту тәртібі мен материалдық-техникалық мүлік тәртібі бекітілді.

Байқауды өткізу үшін әрбір командаға қазақстандық «КАЕ» ЖШС жасалған түнде көру көздеуіші бар мерген винтовкалары беріледі.

Бір айдан кейін Қазақстанда алғаш рет Армия халықаралық ойындары басталатынын айта кетейік. Елдердің қатысушылары сияқты АрМИ-2016 ойындарын өткізу жағрафиясы да бірегей әрі ауқымды.

Бүгінгі таңда 13 елдің әскери қызметшілері Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Монғолия, Ресей және ОАР «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» байқауына қатысатындарын растады. Сонымен қатар, 8 мемлекет бақылаушыларды жіберуге әзір. Олар: Аустрия, Алжир, Германия, Израиль, Куба, Намибия, Мьянма Одағы, Сауд Арабиясы.

АрМИ-2016 ойындарының ашылу рәсімі 2 тамызда «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонында өтеді. Салтанатты жабылу рәсімі 9 тамызда өткізіледі.

Былтырғы жылы «АрМИ-2015» Армия халықаралық ойындары алғаш рет өткізілгенін естеріңізге сала кетейік. Оған әлемнің 17 елі қатысып, біздің команда 3 аталымда ұсынылды. Ал осы жылы әскери қызметшілеріміз 21 байқауға қатысуға дайын.

Кері қайту