Жарты жылда бір рет ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде жалпы қызметтің қорытындысы шығарылады. Онда жауынгерлік даярлық және әскери тәртіппен қатар қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі айқындағыш көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Себебі, күрделі техника күтім жасауды, тиісті түрде баптау мен қызмет көрсетуді қажет етеді.
2016 оқу жылының І жартыжылдығын қорытындылау шеңберінде комиссиямен тексеріс жүргізілді. Аталмыш үдеріс қозғалтқыштарды іске қосу, барлық жүйелердің, тораптардың, агрегаттардың жұмыс қабілеттілігін тексеру арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, орындарда қару-жарақ пен әскери техниканың қызмет көрсетілу сапасына, техникалық жай-күйі мен ұсталуына айрықша назар аударылды.
Әрбір бөлім рейтингтік жүйеге сәйкес бағаланды. Жалпы алғанда, рейтинг қолда бар техниканың жауынгерлік әзірлігінің жай-күйін, сондай-ақ, сеніп тапсырылған техника мен қару-жарақты бүтін жай-күйінде ұстауда әрбір командирдің, әр механик-жүргізушінің үлесіне баға беруге мүмкіндік береді.
Тексеріс барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері қару-жарақ пен әскери техниканы ұстауға қойылатын Қорғаныс министрлігі басшылығының барлық талаптарын орындайтыны белгілі болды.
Жұмыс қорытындысын жасай отырып, комиссия төрағасы Құрлық әскерлері бас қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары Асылбек Сатвалдинов жыл сайын қару-жарақ пен әскери техниканың ұсталуы мен кызмет көрсетілу сапасы артып келе жатқанын атап өтті.
«Бұл Қорғаныс министрлігімен ұйымдастырылған әскерлерге қосалқы бөліктерді, тораптар мен агрегаттарды ұйымдасқан түрде жеткізу, отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің («Қазақстан инжиниринг» АҚ) қолда бар ұрыс машиналарын жаңғыртуға атсалысуы, сондай-ақ, техникалық жай-күйге жауапты жеке құрамның кәсіпқойлығы мен техникалық сауаттылығының артуымен байланысты», - деп ол атап өтті.