Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстандық АТС-де газ турбиналық электр станциясы шығарылады

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны« Қазақстан авиация индустриясы» ЖШС авиациялық техникалық орталығында қуаттылығы 2500 кВт болатын PROXIMA 2500 газтурбиналық электр стансаларын өндіруді бастау жоспарлануда.

Бұл электр станциясы мұнай-газ және тау-кен өндіру өнеркәсібі, Қорғаныс министрлігі және тұрақты электрмен қамтамасыз етуді қажет ететін басқа салаларда электр энергиясының негізгі және резервтік көзі ретінде қолданылады.

PROXIMA 2500 негізінде бүкіл елдің инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуі үшін энергия резервін қамтамасыз ету үшін «Қазақстанның энергетикалық қалқаны» бағдарламасын жүзеге асыруға болады.

«KADEX-2016» Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінде отандық өндірістің газ турбиналық электр станциясын «Мотор Сич Қазақстан» ЖШС ұсынды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту