Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«KADEX-2016» көрмесінде «ЗИКСТО» ақ түптік миналарды ұсынады

Төртінші халықаралық «KADEX-2016» көрмесінде «Қазақстан инжиниринг» АҚ-тың құрамына кіретін «ЗИКСТО» АҚ теңіз қару-жарағының үлгілері – түптік миналарды ұсынады.

МДМ-1 минасы классикалық мина болып табылады. Оның орналасуы суасты минаға қарсы аппараттар жабдықталған анықтау құралдарына арналған шамалы байқалушылықты қамтамасыз етеді.

МДМ-2 үш арналы түйіспеген жарылғыш және шұғылдылық, бөлінгіштік және жою, сондай-ақ қызмет көрсету қауіпсіздігі мен миналардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін сақтандырғыш және функционалдық приборлар кешенімен жабдықталған топқа жатады.

МДМ-1 мен МДМ-2 барлық типтегі суүсті корабльдер мен суасты қайықтарды жою үшін арналған.

Шұғылдылық пен бөлінгіштік бағдарламаларымен орнатылған үйлесімде минаның әрекет ету қағидаты табиғи кедергілерден қорғауды қамтамасыз етеді. 

Зауыт қазіргі уақытта бұл бұйымдарды Ресей Федерациясымен жасалған келісімшарт шеңберінде шығаруда.

«ЗИКСТО» зауыты – бұл Солтүстік Қазақстандағы ірі машина құрастыру кәсіпорындарының бірі екенін естеріңізге сала кетейік. Аталмыш зауыттың жұмысының негізгі бағыты жүк вагондарын шығару және жөндеу, сондай-ақ мемлекеттік әлеуетті құрылымдар мен ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері үшін әскери қару-жарақты әзірлеу және шығару болып табылады.

Кері қайту