2016 жылғы маусымның 2-мен 5-і бойынша Астана қаласында «KADEX» қару-жарақ және әскери техникалық мүліктің IV–ші Халықаралық көрмесі өтеді, бірлесіп ұйымдастырушысы ретінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ шығуда.
«Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы биылғы жылы көрменің қатысушыларына әскери техниканың 42 бірлігін, сонымен қатар 95 бірлік әскери және азаматтық мақсаттағы бұйымдардың тұсаукесерін өткізетін 20 кәсіпорынмен ұсынылды.
Сонымен, KADEX-2016» IV Халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС «Арлан» минаға қарсы қорғанысы бар броньдалған автомобильді, арнайы әскерлер мен арнайы мақсаттағы жауынгерлерге, сондай-ақ, әскери полицияға арналған доңғалақты ұрыс машинасын ұсынады. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Арлан» секілді оқ ату мүмкіндіктері бар техниканың баламасы жоқтың қасы.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамындағы «Семей инжиниринг» АҚ - жетілдірілген броньды техникалардың жаңа үлгілерін көрсетуді жоспарлауда. Атап айтқанда, броньдалған жөндеу тасымалдау транспорттық көлігі (БРЭТМ) мен конверсиялық доңғалақты техникасы. Сонымен қатар, кәсіпорын израильдік «Элбит Системс» компаниясының оқ атуды басқару құрылғысымен Т-72А және ресейлік «Ф.Э. Дзержинский атындағы «Уралвагонзавод» ғылыми-өндірістік корпорациясы» АҚ-ның «Сосна-У» оқ атуды басқару құрылғысымен Т-72Б жетілдірілген танкілерін көрсетеді.
«KADEX-2016» көрмесіне қатысатын қазақстандық қатысушылардың ішінде Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі тапсырмаларын орындайтын, электрлі-оптикалық жүйелерді орнатумен броньды техника және авиациялық кемелерді жаңғыртумен айналысатын «КАЕ» ЖШС-і бар. «KADEX-2016» көрмесі шеңберінде «КАЕ» кәсіпорны тәуліктің түнгі уақытында көзбен шолып бақылауға арналған А100 монокулярлы аспабын ұсынады. Тағы да, «КАЕ» компаниясының көрсетілетін аспаптарының бірі шағын жылу визиялық көздеуіші болып табылады. Ол түтін, тұман және бықсық жағдайында тәуліктің түнгі және күндізгі уақытында атысты жүргізу үшін атыс қаруында қолдануға арналған.
Ал, «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС Орта Азиядағы жалғыз ЕС-145 ұшу тренажерын көрсетеді. Rheinmetall компаниясымен Германияда жасалынған, EC145 тікұшағының кешенді пилотаждық тренажеры, ұшақты басқарумен және навигациямен байланысты ұшу құрамын оқытуды және қайта даярлауды іске асыруды қамтамасыз етеді.
«Тыныс» акционерлік қоғамы IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесіне өзінің меншікті өндірісіндегі арнайы әскери керек-жарақты, оның ішінде сауытты кеудешелер мен танкті шлемофондарды шығарады. Кәсіпорында барлық үлгідегі қорғаныс броньды кеудешелерін шығару Қазақстанның Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ әлеуетті құрылымдардың қажеттілігі үшін 2012 жылдан бастап ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда зауыт еліміздегі осы жеке қорғаныс құралдарын шығарумен айналысатын бірден-бір өндіруші болып табылады.
«Қазақстан инжиниринг» АҚ-тың құрамына кіретін «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-та өндірілген мамандандырылған өнім ұсыну жоспарлануда. Кәсіпорынмен әзірленген және дайындалған өздігінен бағытталатын торпедалар суасты қайықтары мен кемелерді жарақтандыруға арналған. Қарсыластың кемелерін жою үшін, сондай-ақ жағалаулық объектілерге қарсы пайдаланылады.