FAQ
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін басқару жүйесін жетілдіру және қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын біріктіру мақсатында құрылды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне берілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 қаулысы).
Компанияның миссиясы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық шешімдер мен өнімдерді ұсыну болып табылады.
Негізгі стратегиялық даму бағыттары:
- Өндірісті әртараптандыру;
- Инновациялық даму;
- Өндірістік және пайдалану тиімділігін арттыру;
- Ұйымдастырушылық және тұрақты даму;
- Қаржылық тұрақтылық.
Компанияны дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 969 қаулысымен бекітілген 2020–2029 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.