Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір

Таланттарды басқару бойынша Компания жұмысының негізгі мақсаты, мансаптық өсу үшін айтарлықтай әлеуеті бар, жоғары білікті және келешекті мамандардың санынан жасақталған кадрлық резервтің негізінде, Компанияның кәсіби басқарулық аппаратын қалыптастырудан тұрады.

Таланттарды басқару жұмысы келесі қадамдарды жүзеге асырудан тұрады:

  • Компания тобының кадрлық резервін қалыптастыру;
  • Кадрлық резервпен жұмыс;
  • Кадрлық резервті тағайындау;

Компания тобының кадрлық резерві төмендегіден қалыптасады :

  • Мансаптық даму үшін айтарлықтай әлеуеті бар компания қызметкерлерінен;
  • Компания қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келетін білімі және тәжірибесі бар ЕҰ біліктілігі және келешегі бар жас мамандарынан;
  • Компания тобын қажетті мамандықтар бойынша отандық жетекші және шетелдік жоғары оқу орындарында оқып жатқан, жоғарғы курс студенттерінен және бітірген ерекше дарын иелерінен;

Компания тобының кадрлық резервін қалыптастыру үшін және оған өзгерістер енгізу тәртібі, жыл сайын 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

Компанияның кадрлық резервіне іріктеу қыркүйектің ішінде жүзеге асырылады.

Кандидаттың әлеуетін бағалау үшін арнайы бағалау рәсімдері жүзеге асырылуы мүмкін (сынақтар, тұлғалық сауалнама, 360 градус бағалау және басқалар).