Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Жаңа өнімдерді шығару қолға алынды

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ  («Қазақстан инжиринг» ҰҚ еншілес кәсіпорны) мен рефрижаторлық жылжымалы құрам опреаторлары Ассоциациясы (АСОРПС) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған құжатқа сәйкес зауыт изотермиялық термос-вагондарды шығарушы ретінде және АСОРПС-пен бірге осы саладағы тұтынушылармен және  операторлармен ынтымақтастықты арттыруға күш салады. Сондай-ақ, көлік машина жасау өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығару көзделген.

Бұдан бөлек, зауыт пен  «БРК-Лизинг» АҚ арасында изотермиялық термос-вагондарды отандық және шетелдік тұтынушылар үшін қаржылық лизинг саласындағы ынтымақтастық туралы да меморандумға қол қойды.

2019 жылы зауыт сирек жоба - изотермиялық термос-вагондарды шығаруды жүзеге асырды. Бұл - арнайы режим мен температураларды қажет ететін тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған вагон. Сыртқы қорабы полистирол, пенополиуретан сияқты  жылу жібермейтін материалдардан жасалған, жүктерді тиімді орналастыруға арналған.

Осы жылдың  мамыр айында вагондардың алғашқы үлгілері бірқатар зауыттық сынақтардан өтіп, тежеуіш жүйесінің жұмысы, жылу өткізгіш коэфиценті және т.б. тексерілді. Сынақтардың қорытындысы бойынша 1200 вагонға ЕАЭО-ққа сәйкестігі туралы сертификат алынды.

Зауыт бүгінде өндірісті технологиялық жаңғырту, шығаратын өнімдердің көлемін арттыру, өндірістік процесстерді цифрлау және жаңа жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

«Қазақстан инжиринг» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту