Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
3D үлгілеу бойынша Олимпиада жеңімпаздары анықталды

Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Семей инжиниринг» зауытының бастамасымен  аймақта алғаш рет 3D үлгілеу бойынша ашық Олимпиада өткізілді. Оған 3D үлгілеу машығын меңгерген тілек білдірушілер түгел, оның ішінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері де қатысты.  

Байқау екі кезеңнен тұрды:  бірінші кезеңде оған қатысушылар онлайн арқылы тест тапсырмаларын орындаса, шешуші кезеңде 3D үлгілерін жасақтау, сызбаларын жасау сияқты нақты міндеттерді орындады.

Олимпиада жеңімпаздары болып төмендегі азаматтар танылды:

  • 1-ші орын Андрей Карпов, 300 000 тенге көлемінде ақшалай сыйлық, «Семей инжиниринг» зауытына құрастырушы инженер болып жұмысқа тұруға сертификат берілді;
  • 2-ші орын Ринат Мәмбетов, 200 000 тенге көлемінде ақшалай сыйлық, зауыт атынан ақылай тәжірибеден өтуге сертификат берілді;
  • 3- ші орын Мақсат Тайжумин, 100 000 тенге тенге көлемінде ақшалай сыйлық, зауыт атынан ақылай тәжірибеден өтуге сертификат берілді.

Бұдан бөлек жеңімпаздарға демеушілер атынан бірқатар бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыс қорытындысы бойынша зауыттың резервтік қорын жасақтау үшін қатысушылардың рейтингі анықталып, арнайы база жасалмақ.

«Бізге сандық өндірісті, жаңа материалдырды және аддитивті технологияларды зерттеумен айналысуды жанына серік еткен білікті мамандар мен талантты жастар өте қажет»,- дейді «Семей инжиниринг» зауытының бас директоры Талғат Тұрлыбаев.

Олимпиада Жастар жылы аясында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет пен «АСКОН-Казахстан» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту