2020 жылғы 21 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысына жас аған жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы А.Есімов Петропавлдағы «Қазақстан инжиниринг» АҚ-ның кәсіпорындарында («ПЗТМ» АҚ, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ) болып, онда негізгі өндіріспен, өндірілген және перспективалы өнімдермен танысты.
Сапар нәтижесінде «ПЗТМ» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымдары арасында («Мұнай Сервис» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ) жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден астам сомаға ұзақ мерзімді шарттар жасалды.
Сонымен қатар, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ еншілес компаниялары («ВЖДО» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ) жалпы сомасы 6 млрд. теңгеден асатын ұзақ мерзімді шарттарға қол қойылды, оның ішінде темір жолдарға жабдықты жеткізу және қызмет көрсету бойынша «Конвой-П» дабыл жүйесін игеру туралы келісім де бар.
«Қол қойылған келісімдер жұмыс көлемі мен жұмыс орындарына кепілдік береді. Бұл қала, облыс бюджетіне түсетін салық түсімдерімен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындарын тапсырыспен қамтамасыз етеді. Ендігі міндет - қажетті өнімді уақтылы және тиімді шығару. Кәсіпорындардың даму әлеуеті үлкен. Егер қол қойылған келісімдер нақты орындалса, біз ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін жұмыс жасаймыз », - деді Ахметжан Смағұлов.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы К. Бишимов Қор басшылығына көрсеткен қолдауы үшін ерекше ризашылығын білдірді және тапсырыс берушілер талап ететін жеткізілім сапасы мен уақтылы қамтамасыз етілетініне сендірді.
«Бүгінгі таңда дәстүрлі өнімдерге ғана емес, сонымен қатар оффтейк-келісімшарттарына да қол қойылды. Сондықтан біздің зауыттар технологиялық модернизацияны сенімді жүзеге асыра алады және «Самұрық-Қазына» қоры кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін жаңа өнімдер өндірісін игере алады. Қордың қолдауының арқасында біз даму перспективаларын айқын көріп отырмыз және өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті Қуаныш Бишімов.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі