Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстанда мүгедектер арбасын шығару туралы келісімге қол қойылды

Бүгін «Қазақстан инжиниринг» АҚ Басқарма Төрағасы Қуаныш Бишімов пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды электрарбалармен қамтамасыз ету» мақсатындағы мемлекеттік тапсырманы орындау туралы келісімге қол қойды. 

Арабалар алғаш рет Қазақстанда   «Қазақстан инжинирингтің» еншілес компаниясы «Тыныс» АҚ базасында шығарылатын болады. Бұрын олар Ресейден, Қытайдан және Еуропа елдерінен әкелінетін еді.

Бұл зауыт дизайнерлерінің төл туындысы және қазіргі заманғы талаптарға толық сәйкес келеді. Жалпы салмағы 70 кг дейін, жүру қашықтығы - 15 км, жүк көтерімділігі - 140 кг. Ағымдағы жылы балалар мен ересектер үшін 1374 арба шығару жоспарлануда. Өнімнің алғашқы партиясын қолданушылар сынап көрді және олар оң бағаға ие болды.

Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі адамдардың арнайы көлік құралдарымен қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімділігін арттыруға бағытталған. 

Сонымен қатар, бұл шығарылатын өнім аясын кеңейтуге және әскери-өнеркәсіптік кешен көлемі бойынша азаматтық өндірістің үлесін көбейтуге септігін тигізетін болады.

«Тыныс» зауытының негізгі өнімдері – авиациялық техникаларға арналған қосалқы бөлшектер мен күштік құрылымдар үшін жеке қорғаныс құралдары. Сондай-ақ мұнда мұнай-газ және темір жол саласына арналған азматтық өнімдер де шығарылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК баспасөз қызметі

Кері қайту