Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ZIK» брендімен компьютерлік техника шығарылады

Киров атындағы отандық зауытта ("Қазақстан инжиниринг" ҰК қарасты кәсіпорын) «ZIK» брендімен заманауи компьютерлік техника шығарыла бастады.

Қазірдің өзінде тестілеу үшін алғашқы  50 ультрабук дайындалды. Олар пайдалануға ыңғайлы, қажетті функционалдың бәрі бар және шетелдік аналогтардан кем емес.  Болашақта зауытта серверлер, планшеттер мен моноблоктар шығару жоспарланып отыр.

«Аталған элементтердің жалпы көлемі жоба бойынша жылына ең кемі  5000 дана. Жол картасына сәйкес өндірісті кезең-кезеңімен оқшаулау жоспарланып отыр. Бастапқы кезеңде нарықта сұранысқа ие жеке компьютерлер мен ноутбуктер шығаруға басымдық бермекпіз», - дейді маркетинг және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Алмат Шәкенов.

Қазақстанда тұңғыш рет Киров атындағы зауытта дәлдігі 5 сыныпты көп қабатты платалар мен SMD-элементтерді беткі монтаждауға арналған  өндірістік желі іске қосылған болатын.

"Қазақстан инжиниринг" ҰК баспасөз қызметі

Кері қайту