Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» кадрлық әлеуетті нығайтуда : Еуразия университеті студенттерінің табысты тағылымдамасы

«Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы болашақ мамандарды университетте оқыту сатысында практикалық даярлауға баса назар аудара отырып, кадрлық әлеуетті белсенді дамытуды жалғастырып келеді. Бұл бастама құнды тәжірибе беруге және жоғары білікті мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.

Бұл стратегияның мысалы ретінде жақында «С. М. Киров тындағы зауыт» АҚ базасында өткен Л. Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасы студенттерінің табысты өндірістік тәжірибесі болып табылады. 3-курс студенттері Сейітов А., Фазыл К., Түкембаев А. және Керімбай Н. кәсіпорын жұмысына қатысудың жоғары деңгейін көрсетіп, зауыттың тәжірибелі қызметкерлерінен білім мен дағдыларды белсенді үйренді.

Тағылымдама аясында студенттер сұхбат беріп, зауытқа берілген мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді әрі алған тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті. А. Сеитов: «Бұл тәжірибе мен үшін ұмытылмас болды, өйткені ол менің болашақ мамандығыммен тікелей байланысты. Зауытқа өндіріс саласында көшбасшы болуды тілеймін», - деді.

Жас мамандарды қолдау және дамыту жөніндегі «Қазақстан инжиниринг» бастамалары саланы құзыретті және дәлелді мамандармен ұзақ мерзімді қамтамасыз етуге бағытталған кадр саясатына стратегиялық көзқарастың маңыздылығын атап көрсетеді.

Кері қайту