Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Түрік компаниясы делегациясымен кездесу

Осы жылғы 19 қазанда «ASELSAN» түрік компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы – Бас директоры Халук Гёргюн «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (ҚР ҚАӨМ) Басқарма Төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековпен кездесті.

Кездесу барысында «Қазақстан Аселсан инжиринг» бірлескен компаниясының даму әлеуеті талқыға салынды. 

«ASELSAN» бүгінгі таңда Түркияның ірі қорғаныс-өнеркәсіптік компаниясы болып табылады, және дүниежүзінің 100 үздік қорғаныс компаниясы (Defense News Top 100) рейтингінде 58 орынды иеленуде.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында «Қазақстан Аселсан инжиринг» ЖШС бірлескен кәсіпорны ашылған еді. 2014 жылдың қаңтар айында-ақ зауыт алғаш өнімін жасап шығарды. Бүгінгі таңда зауытта 100 аса маман еңбек етеді, барлық өндірістік желілер іске қосылған.

«Қазақстан Аселсан инжиринг» ЖШС (ҚР ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) қазақстандық әлеуетті құрылымдар үшін электрондық және электронды-оптикалық бұйымдарды өндіреді. Бұл – байланыс жүйелері, жылукөргіштер, атыс қаруға арналған күндізгі және түнгі көздеуіштер, сондай-ақ атысты электрондық тұрақтандыру жүйелері.

Қазақстандық қорғаныс кәсіпорны болашақта сырттағы нарықтарға да шығуды мақсат ете отырып, халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмелеріне белсенді қатысуда.

Зауыт өнімі биыл «KADEX-2018» V-ші халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінде, сондай-ақ «Kazakhstan Security Systems - 2018» Қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс жөніндегі IV-ші халықаралық көрме-конференциясында жоғары деңгейде бағаланды.

«Қазақстан Аселсан инжиринг» ЖШС 2018 жылғы 23-26 қазан аралығында Мәскеуде өтетін «INTERPOLITEX- 2018» XXII-ші халықаралық көрмесінде, сондай-ақ 2018 жылғы 14-16 қарашада Ташкент қаласында өтетін Орталық-Азия халықаралық көрмесінде өз бұйымдарын көрсетпек.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту