Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Спартакиадасы

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының өкілдері демалыс күндері «Алау» мұз сарайында өткен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Спартакиадасына қатысты.

Ойынның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Вице-министрі Аманияз Ержанов бұл іс-шара мемлекеттік қызметкерлер күніне және Астананың 20 жылдығына арналғанын атап өтті.

А.Ержанов қатысушыларға спорттық жарыстарға қызығушылығы үшін алғысын білдіріп, командаларға сәттілік тіледі.

Спартакиадада турнирлар төрт спорт түрінен өтті: волейбол, мини-футбол, үстел теннисі және шахмат.

Спартакиаданың алғашқы күнінде мини-футбол мен үстел теннисінен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның командалары үшінші орындарды жеңіп алды.

Спартакиаданың екінші күнінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның командалары волейболда төртінші және шахматтан жетінші орындарға ие болды.

Мини-футбол турнирінің «Үздік қорғаушысы» ретінде «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының өкілі Қуаныш Мусин танылды.

Іс-шараның жеңімпаздары мен қатысушылары медальдармен, кубоктармен, сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы алғанда, Министрліктің Спартакиадасына орталық аппараттың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың сегіз командасы қатысты.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Кері қайту