Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Оралда ҚӨК кәсіпорындарының даму мәселелері талқыланды

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Орал қаласына іссапарымен барып келді. Онда ол әскери өнімдерді құрастыру мен шығарумен айналысатын Батыс Қазақстан облысының қорғаныс-өнеркәсіптік кешені (ҚӨК) кәсіпорындарының жұмысымен танысты. 

Алғашқы объект ретінде министр «Батыс Қазақстан машина құрастыру компаниясы» АҚ-ны («БҚМК» АҚ) көріп қайтты.

«БҚМК» АҚ – бұл өндірістің бірнеше түрлерін орындайтын жоғары технологиялық заманауи өндіріс кешені. Зауыт құрал-жабдықтарды конструкторлық құрастыру, оны әзірлеу, жеткізу, монтаждау мен орналастыру жұмыстарын қамтып, тапсырысты орындаудың толық циклін қамтамасыз етеді.

Бұдан соң делегация ҚР ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компанияның «Зенит» Орал зауыты» кәсіпорнына барып, кемелерді шығару бойынша цехтың жұмысымен және өндірілетін өнім тізімімен танысты.

«Зенит» Орал зауыты» кәсіпорны отандық ҚӨК кәсіпорындарының құрылымына кіреді. Зауыт катерлер мен кемелерді шығарып, оларға жөндеу мен жаңғырту, әрі техникалық қызмет көрсетумен айналысады.

Іссапар соңында Б. Атамқұлов облыс әкімі А. Көлгінов және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге БҚО қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының басшылығымен жиналыс өткізді.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Кері қайту