Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР ҚАӨМ-де Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде ҚР ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасының Халық Каһарманы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті Айдын Айымбетовтың төрағалық етуімен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Іс-шара барысында Қоғамдық кеңес мүшелері министрлік әзірлеп жатқан нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылады. Атап айтқанда, «Қорғаныс өнеркәсібі және қорғаныстық тапсырыс туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  ҚР заңдарының жобалары қаралды. Сондай-ақ, отырыста Қазақстанда электрондық өнеркәсіпті дамыту мәселесі талқыланды.

Іс-шара қатысушылары осы мәселелер бойынша баяндамашыларды тыңдады және НҚА жобаларына тиісті ұсынымдар берді.

Бұдан басқа, Қоғамдық кеңес мүшелері өзара тығыз қарым-қатынас орнату және НҚА жобаларын талқылау үшін министрліктің өкілдерімен тиімді байланыс жүйелерін бір жолға қою қажеттілігін атап өтті. Осы мақсаттар үшін ҚР ҚАӨМ-нің ресми интернет-ресурсын және әлеуметтік желілерді пайдалану ұсынылды.

2017 жылдың басынан бері Қоғамдық кеңестің үш отырысы өткізілді, отырыстар барысында 11 нормативтік құқықтық актілер жобалары қаралды және тиісті ескертулер мен ұсыныстар берілді.

Министрліктің Қоғамдық кеңесі 14 мүшеден тұрады, оның құрамына ҚР ҚАӨМ өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ басшылары және азаматтық қоғамның өзге де өкілдері кіреді.

Кеңес жұмысының мақсаты қоғамдық-маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, азаматтық қоғамның мүддесіне өкілдік ету және Министрліктің шешімдерді талқылауы және қабылдауы кезінде қоғамдық пікірді ескеру болып табылады.

Кеңестің өкілеттілігіне мемлекеттік бағдарламалардың және Министрліктің стратегиялық жоспарының жобаларын, Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерді қарастыру және талқылау, олардың орындалуы жөніндегі есептерді талқылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, Министрлік жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік саясатты жүргізу мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу кіреді.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Кері қайту