Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменов пен Ресей Федерациясы Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Федералдық қызмет директорының орынбасары Владимир Дрожжовтың төрағалығымен Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Шағын комиссиясының XV отырысы болып өтті.
Отырысқа екі елдің Шағын комиссиясы бөлімдерінің мүшелері, министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс-өнеркәсібі кешендері кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жұмыс барысында тараптар әскери-техниалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Оның ішінде қорғаныс-өнеркәсібі кешендерін дамыту мәселесі бар. Бағдарлама шеңберінде ресейлік делегация Алматыда шоғырланған № 405 «Авиажөндеу» және «С. Киров атындағы Машина жасау» зауыттарында болып, қазақстандық қорғаныс кәсіпорындарының қуатымен танысты.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі