Жазғы оқыту кезеңі шеңберінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 41321 әскери бөлімінің байанысшы әскери қызметшілері Атырау облысындағы «Қаработан» полигонында тактикалық-саптық сабақтар өткізуде.
Жауынгерлік әзірлік аптасы кезеңінде өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдері жауынгерлік әзірліктің әртүрлі дәрежелеріне келтірілді. 41321 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне 2017 жылғы маусымның 5-і мен 7-і аралығында «Қаработан» полигонында тактикалық-саптық сабақтар өткізуге тура келеді.
Үш күн бойы байланысшылар басқару пункттерінде өздерінің техникасын өрсітетеді. Онда телефондық, телеграфтық, жерсеріктік, радио, радиожелілік және фельдъегерлік-пошта байланысын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда әскери байланысшылардың байланыс құралдары мен техникасының жартысынан астамы жаңартылғанын айта кеткен жөн. Байланыс техникасы Петропавл қаласындағы Киров атындағы қазақстандық зауытта жаңғыртылып, шығарылады.
Жауынгерлік әзірлік аптасы бөлімдер мен түрлер, әскер тектерінің белгіленген мерзімде жан-жақты дайындықты жүзеге асыруын, қарсыласпен ұйымдасқан түрде ұрысқа түсуін және қойылған тапсырманы орындауының шынайы мүмкіндіктерін, қабілеттіліктерін тексеруге мүмкіндік береді. Жаңа оқу кезеңі басталар алдында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде жауынгерлік оқудың жаңа кезеңінің басталуына орай сапқа тұрулар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі