Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өкілдері ҰОС ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құттықтап  барды. Компания қызметкерлері, Басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысовтың атынан оларға ұзақ өмір, денсаулық тілеп, сонымен қатар сыйлықтар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Ардагерлер  Нұрмахан Алпысбаев және Алдаберген Жанәбілов бүгінгі күні Астана қаласында тұрады. Олардың әрқайсысының өмір жолы, ұрпақтарының жүрегінде үлкен құрметпке, мәңгілік естелік кітаптар жазуға лайықты.

Жетімдер үйінде тәрбие алған  Нұрмахан аға, Совет әскері қатарына шақырылған, ол соғысты басынан аяғына дейін өтті. Тұтқынға алынып, одан қашып, партизандық қозғалыста шайқасты. Соғыстан кейін Нұрмахан Басанұлы Алматы Мемлекеттік медициналық институтын тәмамдап, көп жылдар бойы дәрігер болып жұмыс жасады. Қазір ол 97 жаста.

Алдаберген Жанәбілов 1942 жылы әскер қатарына шақырылған болатын. Ол Владивостокта, Белоруссияда, Украинада әскери қызметін атқарды, танк артиллериялық полкінде жапон әскеріне қарсы соғысқан еді. Туған жеріне қайтып келгеннен кейін үйленіп, зейнеткер жасына шыққанға дейін кәсіби жүргізу мектебінде жұмыс атқарды. Фашизмді жеңудің 72-жылдығын Алдаберген аға 94 жасында қарсы алып отыр.

Екі ардагерде, Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін, жауынгерлік  еңбегі үшін көптеген ордендармен, медалдармен марапатталған.

Тыл еңбеккері Әмина Қуанова Компания қызметкерлерін ерекше жылы шыраймен қарсы алды. Қазір ол кісі 81жаста, ол 40 жылдан астам уақыт  медбике болып жұмыс атқарған. Әмина Есімқайырқызы медициналық училищеге түспей тұрып К.Е. Ворошилов атындағы зауытта, қазіргі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін  «Зенит» Орал зауытында еңбек еткен.

Әмина апай: «-Есімде, кәсіпорынның білдектері өте үлкен болатын, соларды біз тиянақты ұстау керек болатынбыз. Мектепті жаңа бітірген түлек мен үшін бұл сондай үлкен жауапкершілік болатын. Сол уақыт жақсы есімде, мен еңбек тәжірибемде  осы зауытта жұмыс атқарғаным үшін өте қуаныштымын» ­­­- деп, естеліктерімен бөлісті.

«Казахстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту