Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«КАЕ» ЖШС әскери шеруде радиотехникалық барлау мен қаруланудың ең жаңа әзірлемелерін көрсетеді

«Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС Астанадағы әскери шеруде «Арлан» БДМ тұғырнамаларына кіріктірілген «САРП» қашықтан басқарылатын жауынгерлік модулі және жылжымалы барлау кешені (ПРК-КЗ) түріндегі электрондық-оптикалық жүйелерді, түнде көру құралдарын көрсететін болады.

Жауынгерлік модуль қашықтан атуға арналған, кез келген ауа райы жағдайында, сондай-ақ, тәуліктің түнгі және күндізгі уақытында бақылау/барлау жүргізуге, нысананы автоматты түрде сүйемелдеуге, анағұрлым дәлме-дәл баллистиканы есептеп шығаруға және нысанаға көздеп атуға мүмкіндік береді.

Барлау кешені өз кезегінде ақпаратты тез арада өңдеп, командалық пунктке нақты уақыт тәртібінде сандық пішімде беруді және жылувизиялық камераны, күндіз көру камерасын және лазерлік қашықтық өлшегішті өзіне үйлесетін электрондық-оптикалық жүйенің және РЛС көмегімен жер бетіндегі және төмен ұшатын нысаналарды барлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Арлан» брондалған доңғалақты машиналарын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС отандық кәсіпорны жасап шығарады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған әскери шеру биылғы 7 мамыр күні өткізіледі.

«Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі

Кері қайту