24 жыл бұрын 1993 жылдың 2 сәуірінде ҚР Президенті «ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Содан бері тәуелсіз Қазақстан әскери теңізшілерінің тарихы басталды. Ал биылғы жылы еліміздің Әскери-теңіз күштері өзінің құрылуының 24 жылдығын атап өтті.
24 жыл ішінде қазақстандық флоттың соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған отандық өндірістің су жаңа зымыран-артиллериялық корабльдерімен сапалы жабдықталуы, жеке құраммен жасақталуы және әскери қызметшілердің оқуы мен жауынгерлік даярлығын жетілдіруден бастап корабльдердің орналасуының алғашқы жеке меншік пунктінің құрылысы мен ашылуына дейінгі қыруар жұмыс атқарылды.
Бүгінде Қазақстанның Әскери-теңіз күштері – бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторында маңызды стратегиялық тапсырмаларды орындайтын еліміздің Қарулы Күштерінің толыққанды жекелеген әскер түрі. Әскери-теңіз күштерінің оқу-жауынгерлік қызметінің жоғары деңгейін көрсететін соңғы көрсеткіштердің бірі 2016 жылдың қорытындысы болып табылады. Өткен жыл бойынша жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы 25,5 пайызға және әскери корабльдердің жүзіп өтуі 35,4 пайызға ұлғайды. Шамамен 3 600 корабльді оқу-жаттығу өткізіліп, әскери теңізшілер теңізде шамамен 5 800 сағат өткізді.
Атаулы оқиғалар инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, Әскери-теңіз күштерін техникалық тұрғыда жабдықтау аясында да болды. Ақтауда әскери корабльдер мен кемелердің орналасуына арналған алғашқы пирс ашылды. Оралда «Зенит» отандық зауытында салынған арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған алғашқы арнайы катер суға түсірілді. База су айдындары, айлақтар, фарватерлер мен Каспийдің жаға маңындағы бөлігінің минаға қарсы қорғанысын қамтамасыз ету үшін жарақтандыруға «Алатау» мина-тартқыш кораблі келіп түсті. Ал Каспийдің суасты айдынын, сүңгуірлердің суға бату құрылғыларын күзету үшін алғаш рет «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ қазақстандық кәсіпорынның мобильді сүңгуірлік кешені орнатылды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі