Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қарулы күштерде «Арлан» БДМ тәжірибелік-әскери пайдалану өткізілуде

«Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС өндіретін әскери техниканың жаңа түрі – «КАЕ» ЖШС өндірген «САРП» жауынгерлік модулімен жарақталған және Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне келіп түскен «Арлан» БДМ тәжірибелік - әскери пайдаланудан өтуде.

10 ақпанда «Шығыс» полигонында қысқы климаттық жағдайларда қазақстандық броневиктің әскери дайындығы және техникалық мүмкіндіктері көрсетілген болатын. Қатысушыларға, оның ішінде БАҚ өкілдеріне де брондалған машинаның тест-драйвына және әскери модульден атуға қатысу арқылы шынайы жағдайлардағы әскери техниканың мүмкіндіктеріне лайық баға беру мүмкіндігі берілді.

Сегіз «Арлан» БДМ –ның қарлы қиылған жер бойынша марштары, броньді болаттың және броневиктің броньді шынысының сынақтары, «САРП»-тан атулар орындалды.

Өз бойында жылуға ден қою камерасын, күндіз көру камерасын, лазерлі қашықтықты өлшегішті үйлестірген жауынгерлік модульдің электрондық - оптикалық жүйесі кез-келген ауа райы жағдайында, тәуліктің түңгі және күндізгі уақытында бақылау, барлауды жүргізіп және көздеп атуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жауынгерлік модульді қашықтықтан басқару жеке құрамды жоғалту тәуекелділіктерін азайтады. САРП-тың ықшамдылығы оны стационарлы режимде блок-посттарда, шекара бекеттерінде, мұнараларда, сонымен қатар, қозғалыстағы құрлықтағы техниканың кез-келген түрінде қолдануға мүмкіндік береді.

«Арлан» БДМ – бұл көп мақсатты, брондалған, күшейтілген минаға қарсы қорғанысы бар доңғалақты машина. Осы типті машиналар үлкен жол жарығына, сынықтарға қарсы тұрып және жарылыс қуатын ыдыратуға мүмкіндік беретін V-тәрізді түпке ие. Брондалған машина кез-келген атқыш қаруынан атуларға шыдап береді. Машинаның әскери салмағы 16 тонна, ол жылдамдықты сағатына 100 километрге дейін жеткізе алады және -50⁰ С бастап +50⁰С дейінгі температуралар режимдерінде пайдаланудың қатаң климаттық жағдайларына толық бейімделген. Республиканың Қарулы күштерінде бүгінгі күні осыған ұқсас техника жоқ.

«Казахстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту