Құрметті зауыттықтар!
Біз, қазақстандықтар 1 желтоқсанда маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өтеміз. Биылғы жылы біздің еліміз оны бесінші рет тойлауда.
«Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға, - деп, республикамыздың Негізгі заңында айтылған. - Президент - халық пен мемлекеттік билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi».
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі мен маңызын бағаламау мүмкін емес.
Оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру стратегиясы елімізді ауыр 90-шы жылдардан болсын, қазіргі заманғы әлемдік дағдарыстың салдарын еңсеру болсын, түрлі дағдарыстардан алып шықты. Республикамызда осы 25 жыл ішінде жүзеге асырылған барлық ауқымды бастамалар Елбасының есімімен тікелей байланысты.
Реформалардың бізге де қатысы болды: Президентінің қолдауының арқасында біздің ұлттық компания құрылды және өз жұмысын сәтті жүзеге асыруда.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындар құрамына кіретін барлық кәсіпорындардың ұжымдары Мемлекет басшысына сенімнің жоғары дәрежесін көрсетуде. Бір қуаныштысы, өзіміздің қазіргі әл-ауқатымыз бен болашаққа деген үлкен жоспар құра алатын мүмкіндігімізді біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланыстырамыз.
Бұл жерде біздің Президент көшбасшы болып отырған «Нұр Отан» партиясының еңбегі зор. Оның миссиясы, құндылықтары біздің Отанымыздың әрбір азаматына жақын. «Нұр Отан» партиясы – бұл қоғамды біріктіретін және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыратын саяси күш.
Бұл салтанатты күні, Сіздер арқылы барша қазақстандықтарға біз Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген тұрақтылықты сақтауды және нығайтуды, береке мен бейбітшілік тілеймін.
Сіздерге зор денсаулық, барлық бастаған істеріңізге сәттілік, өркендеу тілеймін!
Құрметпен,
Басқарма төрағасы Е.Ыдырысов
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі