Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ПАМЖЗ» АҚ 55 жылдығын атап өттi»

Солтүстiк Қазақстан облысында машина жасау саласының қызметкерлерi күнiне араналған салтанатты iс-шара өттi. Кәсiби мереке «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ аумағында ұйымдастырылды. Осы күнi өңiрдiң алдыңғы қатарлы кәсiпорындарының бiрi 55 жылдығын атап өттi.

Сала өкiлдерiн өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов құттықтады. Ол машина жасау саласының ғылыми-техникалық, интелектуалдық ерекшелiгiне тоқталды. Бұл саланың кез келген мемлекеттiң экономикасының негiзi екенiн атап өттi.

«Солтүстiк Қазақстан облысына сапарында өңiр өндiрiсiнiң қуатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев оң баға бердi. Солтүстiкқазақстандық машина жасау саласының тарихы тереңде жатыр. Бұл жетiстiктер аталған салада талай жыл қызмет еткен адагерлердiң ерең еңбегiнiң, оладың жастарға үйреткен тәжiрибеснiң арқасы»,- дедi Ерiк Хамзаұлы.

Бүгiнгi таңда Солтүстiк Қазақстан облысында 47 машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi. Онда 5 мыңнан астам маман қызмет етуде.

Өңiрдiң машина жасау саласына қосқан ерен еңбегi үшiн кәсiби мереке күнi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен 12 адам марапатталса, тағы 11-i алғыс хаттарға ие болды.

Бұдан бөлек, өңiрдiң машина жасау қызметкерлерi республикалық марапатқа да ие болды. «Құрметтi машинажасаушы» төсбелгiсiмен 4 сала қызметкерi марапатталса, машина жасау кәсiпорындарының тағы 4 маманына ҚР Қорғаныс министрлiгiнiң Құрмет грамотасы табысталды.

Сонымен қатар, салтанатты iс-шара аясында электроәрлеушi, және қырнаушы мамандардың кәсiби шеберлiк байқауының қорытындысы шығарылды. Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлерi арасындағы мерекелiк байқау нәтижесi бойынша «Үздiк жас маман» атағы жинау цехiнiң 3 санатты қырнаушысы Виталий Мыльниковке берiлдi. «Алтын қолды шебер» атағына жинау цехiнiң фрезершiсi Николай Клюев және энергетикалық машина жасау цехiнiң электрәрлеушiсi Александр Саморенов ие болды.

Салтанатты iс-шара мерекелiк концертке жалғасты.

Солтүстік Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы

Кері қайту