Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
АҚ «КИ 811 көлік жөндеу зауыты» 40 жылдық мерейтойын атап өтті

1шілде күні Ерментау қаласының Үмбетей Жырау атындағы мәдениет үйінде АҚ «КИ 811 көлік жөндеу зауыты» 40 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті.

Ерментау ауданының әкімі Ермек Нугманов, директорлар кеңесінің төрайымы Ратмир Комратов, №1 орта мектебінің өкілдері зауыт жұмыскерлерің құттықтады.

АҚ «КИ 811 көлік жөндеу зауыты» бас директоры Ержан Каримов келген қонақтарды тілеген жылы лебіздеріне және күндік атқарған еңбектері үшін алғысын білдірді.

Салтанатты кеш 20-30 жыл еңбек өтілі бар адамдарды, демалыстағы және осы уақытта жұмыс атқарып жүрген жұмыскерлерді марапаттаумен аяқталды. Зауыт адамдарына ауданның мәдениет үйінің әртістері мерекелік концерт ұйымдастырды.

АҚ «КИ 811 көлік жөндеу зауыты» ҚР жүк көліктерін күрделі жөндеу және шынжыр техникаларының агрегаттарының ең ірі кәсіпорны.

Зауыт тарихы 1976 жылдың 1 шілдесінен басталды. Осы күні Түркістан және Батыс- Сібір ҚСРО әскери округінің күрделі жүк көліктерің жөндеу үшін Ерментау қаласында көлік жөндеу зауыты іске қосылды.

1991 жылы ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін «811 әскери зауыты ҚР ҚМ» республикалық мемлекеттік кәсіпорын әскери қарулы әскери-жөндеу зауытының құрамына енді.

ҚР-ның үкіметінің жасауымен басқару жүйелерін жетілдіру мақсатында еліміздің әскери-өнеркәсіптік кешені 2003 жылдан кәсіпорын тарихы АҚ « Ұлттық компания «Қазақстан инжиниринг» компаниясымен байланысты.

Кері қайту