Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«КАМАЗ инжиниринг» АҚ «KADEX-2016» көрмесінде автомобильді техниканың бірнеше заманауи үлгілерін көрсетеді

IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК құрамына кіретін «КАМАЗ инжиниринг» АҚ автомобильді техниканың бірнеше заманауи үлгілерін көрсетеді.

Оның ішінде, зауыт ауыспалы көлемдегі кузов-фургоны және жөндеу-зарядтау аккумуляторлық стансасының контейнері бар тіркемемен командалық-штабтық машина құрамында автопойызды көрсетуді жоспарлап отыр.

Жылжымалы үлгідегі кузовта жабдық, далалық жағдайларда командалық құрамның жұмыс жасауы мен тұруына арналған орын орналастырылады. Жөндеу-зарядтау аккумуляторлық стансасы дәл осы жағдайларда қышқылды аккумуляторлық батареяларды жөндеу, зарядтау және қуаттан ажырату үшін арналған.

Сонымен қатар көрмеге келушілер жеке құрам мен әскери жүктерді, кузов-фургондарды тасымалдау және жолдар мен жердің барлық түрлері бойынша тіркемелерді сүйреу үшін арналған  КАМАЗ-65224 борттық тартқышын көре алады.

«KADEX-2016» көрмесінде көрсетілетін тағы да бір жаңа автотехника ресейлік «КАМАЗ» КАҚ компаниясымен шығарылған көп нысаналы  КАМАЗ-6560 броньдалған автомобилі болмақ.

IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесі қорғаныс саласында ауқымды іс-шаралардың бірі болатынын айта кетейік.   Көрмеге дайындалуға көптеген мамандар мен біршама бірлік әскери техника тартылды. Көрме қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мамандардың ғана емес, сонымен бірге бұқаралық медианың да назарын аудартып отыр. Көрмені әлемнің 15-тен аса елінен 300-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жариялайтын болады.

Кері қайту