Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«KADEX-2016» көрмесіне келетін қонақтар қазақстанда құрастырылған тіркемелі автомобильді техниканың модельдерін тамашалайды

«KADEX-2016» көрмесінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ «МАЗ» белорустық ААҚ-пен лицензиялық келісім бойынша кәсіпорынмен дайындалған.

Қазақстанда құрастырылған тіркемелі автомобильді техниканың модельдерін – жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі МАЗ тіркемесі мен  жүк көтерімділігі 40 тонна МАЗ жартылай тіркеме тартқышын ұсынады.

Жүк автомобильді тіркемесі әртүрлі жүктерді, жартылай тіркемелі ауыр жүк таситын көлік жол және құрылыс техникасын, сондай-ақ ірі габаритті бөлінбейтін жүктерді тасымалдау үшін арналған.

«Семей машина құрастыру зауыты» АҚ былтырғы жылы Қазақстанның Қарулы Күштеріне осы автотехниканы жеткізіп беруді ұлғайтқанын айта кеткен жөн.

2015 жылы кәсіпорын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін жүк көтерімділігі 10 тонна МАЗ-дың 100 тіркемесі мен жүк көтерімділігі 40 тонна МАЗ-дың 3 жартылай тіркеме тартқышын әзірледі. 2014 жылы жеткізіліп берілген  МАЗ тіркемелі техникасының саны 60 бірлікке жетті.

Осы өнім түрін құрастыру өндірісін ұйымдастыру бойынша жоба Минск автомобильді зауытымен (МАЗ) лицензиялық шарт бойынша жүзеге асырылатынын айта кетейік. «МАЗ» белорус зауыты Семей машина құрастыру зауытына МАЗ автотехникасының анағұрлым танымал және сұранысқа ие модельдері – ер-тоқым тартқышы, борттық автомобильдер мен самосвалдар бойынша барлық қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы берді.

Кері қайту