Phone +7(7172)69-55-99

Жаңалықтар

ZIK компьютерлері ҚР электрондық өнеркәсібінің тізіліміне енгізілді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі бұйрығына сәйкес «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-ның («Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның еншілес кәсіпорны) өнімдері сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілді. Атап айтқанда ол өнімдер: «Дербес компьютер (жұмыс станциясы ZIK-PC01)», «Дербес компьютер (ZIK-PC02 жұмыс станциясы)» және «Ноутбук» (Ультрабук ZIK S-133) ».

Бұл тізілімге енгеннен кейін мүдделі мемлекеттік органдар ZIK компьютерлеріне мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы қол жеткізе алады.        

Естеріңізге сала кетейік, зауыт дәлдік класындағы 5 қабатты (16 қабатқа дейін) баспа платаларын шығаратын өндіріс желісін іске қосты.

Бүгінгі таңда аталмыш кәсіпорын өз елімізде компьютерлік техника өндіруді локализациялау бойынша үлкен әлеуетке ие.

Аталған тізілім мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай алаңында орналасқан: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/activities/4?lang=ru

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Тізіміне оралу